Сыр жастарының Алматы қаласындағы поэзия күндері

500

0

Қараша айының 5,6,7-сі күндері Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет және спорт басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен Қызылорда облысының 85 жылдық мерейтойы аясында Сырдың жас ақындарының Алматы қаласындағы Поэзия күндері өтіп жатыр.

Парасатты поэзия салтанат құратын сапар барысында ақындарымыздың Алматы қаласындағы беделді оқу орындарының студенттерімен кездесулері, Республикалық телеарналар мен радиолардың бағдарламаларына қатысуы, Ұлт зиялылары мен танымал жерлестерімізге Құран бағыштау, “Qyzylorda” телеарнасының поэзия сағаттарының түсірілімін жасау және Қазақстан Жазушылар одағының концерт залында алматылық өлең сүйер қауымға және ондағы жерлестерімізге поэзия кешін өткізу жоспарланған.

Поэзия күндеріне Халықаралық “Шабыт” фестивалінің лауреаты Асылзат Арыстанбек, Республикалық жыр мүшайраларының жүлдегерлері Ұлықбек Тәңірберген, Биболат Сәтжан, Айдар Сайлауов, Аружан Оралбай, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Толқын Қабылша, Назгүл Бердіқожа, Олжас Сәндібек, Мөлдір Айтбай, Мақсат Дауылбай, Ақжол Түменбай сынды танымал жаңа толқын ақындарымызды “Құрмет” орденінің иегері, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Қатира Жаленова, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері Қаршыға Есімсейітова бастап келді.

Поэзия күндерінің қорытынды кеші ертең, яғни, 7 қараша күні сағат 17:00-де Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер залында өтеді. Қорытынды кешке зиялы қауым өкілдерімен бірге, танымал эстрада жұлдыздары қатыспақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<