Сырдария, Ипподром мөлтек ауданы тұрғындарының назарына!
2025 жылдың 24 қаңтар күні Қасымхан көшесінде орналасқан д-160мм ауыз су құбырында ақаулы жағдай орын алуына байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Аталған жөндеу жұмыстарына байланысты 24.01.2025 жылдың сағат 17:30-дан кешкі сағат 20:00-ге дейінгі аралықта «Сырдария» және «Ипподром» мөлтек аудандарына ауыз су беру қызметі уақытша тоқтатылады. Тұрғындарға қажетті ауыз су көлемін жинап алуларынызды және атқарылатын жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<