Төртжақты меморандумға қол қойылды

7

0

Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің директоры Абайбек Жүнісов Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында халықаралық білім беру саласындағы маңызды құжатқа қол қойды.

Төртжақты ынтымақтастық туралы меморандум Қы­зыл­орда облысының білім басқармасы, Чунцин электрон­дық ғылым және технологиялар кәсіптік уни­верситеті, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі және «Чунцин баспа­сы» компаниясы арасында жасалды.

Аталған келісім техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы әріп­тестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және еңбек нарығына қажетті маман даярлауға бағытталған.

Меморандум аясында тараптар оқытушылар мен студенттер алмасады. Қытайда білім алатын шетелдіктерді даярлау жүйесі дамиды, бірлескен оқу-тәжірибе орталықтарын, маман­дан­дырылған шеберханалар құру көз­делген. Екі тілде оқулықтар мен заманауи цифрлық білім беру ресурс­тары әзірленеді. Сонымен қатар «Қытай тілі + кәсіптік дағдылар» бағдарламасы енгізіледі. Өндірістік тәжірибеден өту, түлектерді жұмыспен қамту мүмкіндіктері кеңейтіліп, білім беру мен өндірісті ықпалдастыратын халықаралық жобалар іске асады.

Сапар Чунцин қаласындағы келіс­сөздермен жалғасып, білім беру және мәдениет салаларындағы ынтымақ­тастықты дамытуға бағытталған бірқатар кездесу өткізу жос­парланған. Бұл жаңа бастамалар мен бірлескен жобаларға жол ашпақ.

Кейінгі жылдары Мемлекет бас­шысының және Үкіметтің ерекше қол­дауымен аймақтың білім беру саласында 46 заманауи нысан ел игі­лігіне табысталды. Олардың қатарында сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен Қызыл­орда қаласында бой көтерген еліміздегі алғашқы «Құзыреттілік орталығы» да бар. Бүгінде орталық жастардың кәсіби дағдыларын шыңдауына, тұрақты жұмыспен қамтылуына оң ықпалын тигізіп келеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі