Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

202

0

Фото: Жалағаш ауданы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 2025 жылғы мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады Syrboyi.kz. Мәжіліске облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы төрағалық етті.

Күн тәртібіне сәйкес, облыстық жұмысшы топ мемлекеттік қолдау бағдарламаларын кеңінен тарқатып, Жалағаш ауданы бойынша егін және мал шаруашылығымен айналысатын шаруа және фермер қожалық басшыларымен пікір алмасты.

Жалағаш ауданы бойынша 2025 жылы 36780 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда.

Егіс орналастыру науқанын ойдағыдай өткізу үшін әлі де дайындық жұмыстарын пысықтап, көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы мерзім ішінде жүргізуді қамтамасыз ету үшін қолда бар техникаларды толық дайындыққа келтіріп, барынша пайдалану ескертілді.

Сонымен қатар, барлық су нысандарын толық дайындыққа келтіруді, су жолдарын тазалау, оның ішінде егіске қажетті тұқымдар, минералдық тыңайтқыштар, гербицидтер және дизель отынымен дер кезінде қамтамасыз етуді де басты назарда ұстау қажеттігі айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<