Биыл «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы форвардтық жүйе арқылы жергілікті өндірушілер мен тікелей кәсіпкерлерден картоп өнімін сатып алу жөнінде бірқатар келісімшарттар жасауда, деп хабарлайды Syrboyi.kz. Осы арқылы қазіргі таңда бағасы күрт өсіп жатқан картоп бағасын тұрақтандыруға өз септігін тигізуде.
«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңыздағы өнімнің бірі – картоптың 1000 тоннасы келді. Аталмыш өнімді корпорация «Kazsever» компаниясымен келісімшартқа отырып, Қостанай өңірінен әкелінді. Бұл картоптар қаламыздағы 10 ірі сауда орталығындағы және үй жанындағы дүкендердегі әлеуметтік бұрыштарда, 35 әлеуметтік дүкенде белгіленген бағада таратылатын болады.
Бүгінде тұрақтандыру қорында 900 тоннадам астам картоп, 500 тонна пияз, 200 тонна сәбіз бар. Сондай-ақ, 500 тонна капуста сатып алу жөнінде келісімшарт жасалып қойылды. Жалпы 4 мың тоннадам астам картоп алу жөнінде келісімшарт жасалынды, – деді Тұрақтандыру қорының жұмысы жөніндегі басқарма басшысы Мейрамбек Серікбай.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<