Туған жерін түлеткен

5

0

Шүкір, оның артынан тағы ал­ты перзент Тұрсынкүл, Әлімхан, Әуезхан, Нұрмахан, Ермахан, Дүй­сенкүл атты ұл-қыз еріп, аман-есен өсіп-өнді.

Бүгін біз осы әулеттің үлкені, жасы сексеннің төріне шыққан Тұрсынхан Құрманбекұлы ағамыз жөнінде ой-толғауды жөн санадық.

Өзі туып-өскен «Ақжол» ауы­лын­дағы мектепте білім алған ол жетіжылдықтан соң аудан ор­та­лығындағы №51 орта мекте­бінде оқыды. Қатарының арасында үз­дік оқып, одан әрі шалғайдағы ша­һар­ды асып, арман қуған ауыл ба­ла­сының көшін бастағандардың бірі еді.

Ол 1964 жылы Алматы ауыл ша­руашылығы институтына оқуға түсіп, ғалым-агроном мамандығы бойынша жоғары білім алды. Ең­бек жолын сол кезде іргесі қа­ланған «Задария» совхозында бас агроном болып бастады. Ал­ғаш­­қы күндерден өзінің білік­ті­лі­гін танытып, шаруаның көзін біліп, күрішті егу мен күтіп-бап­тауда жоғары агротехникалық та­лаптарды мерзімінде жүргізіп, мол өнім алды. Облыста озат аг­роном атанып, оған қызметте пай­далану үшін «Газ-69» жеңіл авто­көлігі берілді.

Жас маманның еңбекке араласа бастаған шағында білікті аға тол­қынның қанатының астында қам­­қорлықта болуының өзі үлкен мектеп. Өзі осы совхозды аяғы­нан нық тұрғызған іскер басшы Әб­діғаппар Нұртазаевпен қызмет­тес болғанын мақтан етеді. «Әбекең қызмет ба­бында тым қатал, талап­шыл, бі­рақ қарамағын­дағыларға ағалық қам­қорлығы ерекше еді. Көптің мүд­десіне келгенде жанын аямай, уақытпен санасу дегенді білмей, барын салып еңбек етуді сол кісіден үйрендім» деп еске алады. Аудан басшылығы оның қабілетін ескеріп, 1974 жылы ау­дандық ауыл шаруашылығы бас­қар­масының бас агрономы қыз­ме­тіне тағайын­дай­ды.

Еңбек жолында майталман тұл­ға Зұлпыхар Мұсахановтан көп өне­ге алған. Ол уақытта ауданда күріш өнімінің сапасын арттыру ба­ғытында ғылыми-әдістемелік се­­минарлар өтіп тұратын. Сондай жиын­ның бірінде ауданның бірінші хатшысы Ахметжан Жанпейісовтің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас агрономының пікіріне ден қо­йып, кәсіби кеңесімен санасқан жағ­дайына куә болдым. Осы жылы Жаңақорған ауданы бірінші рет мемлекетке астық тапсыру жос­па­рын асыра орындады. Құрман­бек­овтің іскерлігі жоғары бағаланып, 1977 жылы «Задария» совхозының директорлығына тағайындалды. Отыз бір жастағы жігіт сол кезде аудандағы ең жас директор еді.

Бұл кезде шаруашылық жер әлі толық инженерлік жүйеге келмеген, бірақ жүйелі басшылықтың, ты­ным­сыз еңбектің арқасында «За­дария» совхозының өндірістік-эко­­но­микалық жағдайы оңалып, кү­­ріштік жер инженерлік жү­йе­ге келтіріліп, ауыспалы егіс та­набы іске қосылды.

Мемлекеттік басқару саласында көп жыл қызмет атқарған ғалым-агроном, бүгінде ел ағасы Алмас­бек Нәлібаев Тұрсынхан Құрман­бековті өндірістегі алғашқы ұс­­та­­зым болды дейді. «Мен 1981 жы­лы ауыл шаруашылығы инсти­ту­тын бітіріп келіп, осы кісінің қарамағына Задария кеңшарына агроном болып бардым. Сол жыл­дың желтоқсан айында бас агро­ном болып тағайындалдым. Совхоз директоры Тұрсекең күндіз-түні бір тынбайды. Басшының жанында жас маман маған да тыным жоқ. Таулы жер, малды ауылда мамы­ражай тірлікті көріп өскен басым қайнаған науқанда су кешіп, Сыр­дың қалың масасына таланып, бел жазбайтын бейнеттен шағылып кеттім. Төзе алмайтын сияқтымын. Кетуге бел будым. Сонда мені тоқ­татқан осы Тұрсекең.

«Адам көрмесе, Құдай көреді. Бір мәнісі болар, кетем деме» деп ағалық ақылын айтып, жігер берді. Рас екен. Ұстазымның айт­қа­ны келді, еңбегіміз бағаланып, жақ­сы маман болып қалыптастық. Ең­бе­гіміздің арқасында елдің де алдына шықтық» дейді ол.

1983-1990 жылдары Тұрсынхан Құрманбеков осы кеңшарда пар­тия ұйымының хатшысы, егіс бри­гадирі қызметін атқарды. 1990-1992 жылдары Жаңақорған поселкелік кеңесінің төрағасы, 1992-1999 жыл­­дары аудандағы «Атымтай» шаруа қожалығының төрағасы әрі ау­дан­дық шаруа қожалықтары қа­уымдастығының бас директоры қыз­меттерін қоса атқарды.

Осы бір өтпелі кезеңде Тұр­секең шаруалардың жекеменшік жағдайында жұмыс жасап, нарық­тық қатынастардың қалыптасуына айтарлықтай еңбек сіңірді.

Егемен еліміздің саяси-эконо­микалық, әлеуметтік бағдарла­ма­ларын жергілікті жерде жүзеге асыру мақсатында Тұрсынхан Құр­манбеков 1999 жылы аудандағы «Қыркеңсе» ауылдық округі әкімі қыз­метіне сайланды. Бұл кезең ауыл әкімдерінің құзыреті мен қызметі әлі қалыптаспаған кез еді. Әкімнің қолында қаржысы, қызметтік көлігі жоқ, қызметті қаражаяу атқарса да қалыбына сын түсірмеді. Ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының оңалуына, елді мекен келбетінің жаңаруына тер төкті. Бұрын жекенің үлесіне беріліп кеткен мемлекет есебіндегі үйді ауруханаға айналдырды. Тоқтап қалған ауызсу жүйесін және ыза суды сыртқа айдайтын қондырғыны қалпына келтірді. Ауыл клубын жөндеуден өткізіп, ауыл ортасынан мешіттің салы­нуына мұрындық болды.

Қыркеңсе ауылдық округі ау­мағында Қорасан ата, Қылышты ата, Төлегетай сияқты әулие-әнбие кесенелері орналасқан. Осы тарихи орындардың жойылып кетпеуіне де Тұрсынхан ағамыз совхоз ди­ректоры болып жүргенде көп еңбек сіңіргенін білеміз. Кейін ауыл әкімі кезінде қайта салынған Төлегетай-Қылышты ата кесенесі құрылысына техника және адам күшінен көп көмек жасады. Қазіргі кезде бұл жерге еліміздің төрт бұрышынан тәу етіп зиярат жасаушылар мен туристер көптеп келуде.

Тұрсекең ауыл әкімі болған 1999-2010 жыл аралығында Қыр­кеңсе ауылы қайта түлеп, ауыл тұр­ғындарының әлеуметтік-эконо­микалық жағдайы жақсарды. Кө­шелер жарықтандырылып, қиыр­шық тас төселіп, асфальтталды. Осын­дай тынымсыз және адал ең­бегі оны қоғамға, ел мен халыққа абыройлы етті. «Еңбектегі ерлі­гі үшін», «Тыңға – 50 жыл», «Қы­зылорда облысына – 70 жыл», «Ерен еңбегі үшін», Нәзір Тө­ре­құлов атындағы медальдармен ма­ра­­­патталды. «Азаматтық қорға­ныс үздігі» төсбелгісінің иегері, рес­публикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарды иеленді.

Тұрсынхан Құрманбеков 2010 жылы зейнет демалысына шықты. Өз саласының майталманының ең­бегі ескеріліп, «Жаңақорған ауда­нының құрметті азаматы» атағы берілді.

Ер-азаматтың абыройы артып, мерейінің өсуіне жанындағы өмір­лік серігінің демеуі аса қажет. Мі­не, Тұрсекеңнің жары Тоқта­сын осындай жан, бар күш-жіге­рін шә­кірт тәрбиелеуге арнаған ар­­дақ­ты ұстаз. Екеуі тәрбие­леп-же­тіл­дірген ұл-қыздары Асыл­жан, Дәу­рен, Сәкен, Жанна ата-ана се­німін ақтап, түрлі салада абы­ройлы қызмет етуде. Неме­релері де өмірден өз орнын тауып, атасын қуанышқа бөлеп отыр.

Туған жерін түлеткен, жүрген жерге гүл еккен білікті басшы, адал азамат Тұрсекеңнің өмір жолы осылай өрілген.

Ерғали ОРАЗБЕКОВ,

Жаңақорған ауданының

құрметті азаматы