Үкімет барлық өңірде қосымша 28 мың пәтер салуға мүмкіндік беретін тәсілдерді жариялады

180

0

Елімізде үлестік құрылыс бойынша құрылыс компанияларының рейтингі түзіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін жариялаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сондай-ақ, министрлік тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған қосымша шаралар ұсынады: жалға берілетін тұрғын үй пулын қалыптастыру және жылжымайтын мүліктің жеке әлеуметтік қорларын құруды ынталандыру; нарықтық қорландыруды тарту және қарыз бойынша шығыстарды субсидиялау; жеке құрылыс салушыларды жобалық қаржыландыру тетігін енгізу; үлестік құрылыс бойынша құрылыс компанияларының рейтингін енгізу; жосықсыз құрылыс салушылардың жауапкершілігін қатаңдату», – деді Бейбіт Атамқұлов. Оның айтуынша, осы шаралар қабылданған жағдайда еліміздің барлық өңірінде қосымша 1,7 млн шаршы метр баспана немесе 28 мың пәтер салынады. «Тұрғын үй құрылысына салынатын инвестиция қосымша 300 млрд теңгені құрайды. Бұл: 55 мың жұмыс орнын ашуға;- 40 млрд теңге салық түсімін қамтамасыз етуге; 530 млрд теңгеге тауарлар өндіру, жұмыстар мен қызмет көрсету арқылы аралас салаларды іске тартуға мүмкіндік береді», – деді министр.




Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз