«Ұлттық қор – балаларға»

248

0

Сурет ашық дереккөзден

Кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауын жолдаған болатын. Мемлекет басшысы 8-ші шақырылымның 2-ші съезінде өз Жолдауының ішіне «Ұлттық қор – балаларға» атты бағдарламасын қоса кетті.

Мемлекет басшысының айтуынша, 2024жылдың 1-ші қаңтарынан бастап әр баланың есепшотына еліміздің инвестициялық табысынан 50% бөлінеді. Балалар кәмелеттік жасқа толғанша бөлінетін бұл қаражат олардың жасы жетпейінше есепшоттан алынбайды. Балаларға бөлінген қаражат доллармен есептеледі және есепшоттан аларда да доллар күйінде алынады. Балалар кәмелеттік жасқа жеткенде, осы қаражаттан өзіне баспана ала алады, немесе білім алуына жұмсалады. Егер бала қайтыс болған жағдайда есепшотта жинақталған қаражат оның бауырларына, немесе ата-анасына беріледі. Бала кәмелеттік жасқа жеткенше қаражатты жинақтаушы қор – «Ұлттық қор» болып табылады. Егер кәмелеттік жасқа жеткенше жиналған қаржы кәмелеттік жастан кейін алынбаса, тағыда он жыл көлемінде сақталады. Ал егер он жылдан кейінде алынбаса автоматты түрде зейнетақы шотына аударылады.

Егер бір үйдің балалары болса, отбасы банкінен ортақ депозит аша алады. Кейін өздері бірігіп баспана алуларына болады.

Атап айтсақ, біздің елімізде жылына орта есеппен алғанда 420 мыңдай бала дүниеге келеді екен. 2024 жылдың 1-ші қаңтарында дүниеге келген сәбилерге 18 жылдың ішінде 3500 долларға дейін қаржы жинақталады екен. Ал егер бала 17 жастан бастап қосылса, оның шотына бір жыл көлемінде небәрі 100-150 доллар түсетін болады. Бала шет елге қоныс аударған жағдайда, сол елдің азаматтығын алар болса, бұл жинақтаушы қор жұмысын тоқтатады. Қайта қоныс аударса, қайта есепшот ашылады.

Яғни бұл дегеніміз ұрпағымыздың болашағы жарқын деген сөз. Еліміздегі жер қойнауында жатқан байлықтың ұрпағымыздың үлесіне тиюі болашаққа сенімді көзқарас сыйлайтыны хақ. Бұл біздің еліміздегі әрбір азаматтың көкейінде жүрген алыстағы арманы болатын. Міне, соны мемлекет басшысы жақындатып берді. Біздің еліміздегі байлықты балаларға теңдей етіп бөлу, бұл әділетті істің бастамасы болмақ.

Жанар Сералиева,

қала тұрғыны.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<