Ұрпақ сабақтастығының ұстыны

5

0

Аралдағы «Балықшылар аллеясында» «Әке – отбасы бақытының кілті» тақырыбымен тағылымды шара өтті.

Шаңырақтың берекесі, балала­рын бақытына балаған асыл тұлға­лардың орны қашанда айрықша еке­нін аңғартқан салтанатты кеште ұрпағына жол көрсеткен дана тұл­ға­ларды қадірлеу маңызды екені айтылды. Қазақы болмысқа тән ұр­пақтар сабақтастығы сахналан­ды. Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев:

– Арал өңірінің тарихы мен тағ­дырын әрі туған жерге деген пер­зенттік сүйіспеншілікті ән арқылы дәріптеуді мақсат еткен «Ән қа­на­тындағы Арал» атты респуб­ли­калық жабық ән байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мә­ресіне жет­кен болатын. Байқауға еліміздің түк­пір-түкпірінен кәсіби және әуес­­қой композиторлар қатысып, Арал тақырыбында жазылған жаңа туын­ды­ларды ұсынып, тың шығар­малар әнсүйер қауымның жүрегіне жол тартты. Сол шығармалардың ішінен қазылар алқасының жоға­ры бағасына ие болған белгілі ком­по­зитор Рамазан Таймановтың «Ара­лым» әні әуені мен сөзі келісіп, тыңдарман қошеметіне бөленген-ді. Осыған орай «Аралым» әні үшін арнайы жүлде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орде­нінің иегері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Рамазан Тайман­овқа табысталады, – деді.

Мұнан соң аудан басшысы үлгілі әкелерді Алғыс хатпен марапаттады. Жергілікті өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты. Салтанатты шараға арнайы келген композитор Рамазан Тайманов, ақын Дүйсенбек Аяшұлы рухани бастамаға ұйытқы болған аралдықтарға ризашылық білдірді.

А.ЖАЙШЫЛЫҚ