Облыс әкімдігінің қолдауымен 2014 жылдан бері Қазалы ауданындағы республикалық маңызы бар Жанкент қалашығына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.
2026 жылы да қазба жұмыстары жалғасын тауып, қалашықтың қорғаныс қабырғаларында, шахристан бөлігіндегі тұрғын үйлер аумағында атқарылуда.
Атқарылған нәтижесінде тұрғын үй аумағынан құмыралар, бірнеше қыш ыдыс сынықтары, асықтар және жануарлар сүйектері табылды. Анықталған қыш бұйымдар тұрғындардың күнделікті тұрмысында пайдаланылған ыдыстардың түрлері мен жасалу ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Қазба барысында кездескен жануар сүйектері шаруашылықтың негізгі бағыттарын анықтауға және тұрғындардың азық-түлік тұтыну ерекшеліктерін зерттеуге негіз болады. Барлық табылған жәдігерлер тіркеліп, өлшемдері алынып, тиісті ғылыми құжаттамаға енгізілді.
Мәдени қабаттарды ашу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Алынған материалдар қалашық тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы және мәдени өмірі туралы жаңа деректермен толықтыруға мүмкіндік береді. Археологиялық зерттеулер жалғасуда. Табылған жәдігерлерге алдағы уақытта зертханалық және ғылыми талдау жұмыстары жүргізіледі.






