Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентінде орналасқан жылыжай жұмысымен танысты, деп хабарлайды Syrboyi.kz.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, нысанның жұмыс барысы туралы жеке кәсіпкер Али Бермағанбетов ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен бөліскен.
Жеке кәсіпкер «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы тамақ өнеркәсібін дамыту жобасы бойынша 8 млн теңге төмендетілген несие алып, кәсібін бастаған. Кәсіпкер аталған қаражатқа жылыжай кәсібін іске асыруда. Мұнда қияр және қызанақ өсірілуде.
Жылыжаймен танысу барысында аудан басшысы кәсіпкермен пікірлесіп, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін пайдаланып, кәсібін кеңейтуге болатынын атап көрсетті. А.Бермағанбетовтың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<