Аса қауіпті ауруларға қарсы тиісті шаралар жүйелі жүргізіледі

153

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биыл облыс көлемінде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті ауруларға қарсы 7468,5 мың доза ветеринариялық препарат жеткізіледі деп жоспарлануда. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев хабарлады.

– Өткен жылы облыста ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруды болдырмау, алдын алу және эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында 6973,5 мың доза ветеринариялық препарат жеткізілген. Осыған сәйкес, бірқатар аса қауіпті аурулардың алдын алу бойынша екпе егу жұмыстары 100 пайызға орындалды. Сонымен қатар, былтыр ҚР АШМ тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, облыста аса қауіпті аурулардың алдын алу бойынша симулятивті оқу-жаттығу шаралары өткізілді. Аталмыш шара барысында сібір жарасы ауруына күдікті жағдай тіркелген кезде жедел іс-қимыл әрекеттері жүргізілді. Атап айтқанда, ауру анықталғанда тиісті мекемелерге хабарлама беру, өлекседен потологиялық сынама алу, оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу, карантин әдістерін белгілеу және сауықтыру жұмыстарын жүргізу әдістері көрсетілді. Былтыр сібір жарасы ауруына қарсы 1534,3 мың доза екпе әкелініп, төрт-түлік мал басына толық егілді. Ал, жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатында 707,4 мың доза ветеринариялық препарат жеткізілген еді, – деді Шахмардан Сұлтанбекұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<