Жалағашта егінге алғашқы орақ түсті

764

0

Аудан әкімі Асылбек Шаменов Мәдениет ауылдық округіндегі «Сыр толқыны» ШҚ егін алқабына барып күрішке алғашқы орақ салу рәсіміне қатысты.

«Сыр толқыны» шаруа қожалығы қазіргі заманауи озық техникаларды пайдалана отырып, егіс алқаптарына мелиоративтік тегістеу жұмыстарын жүргізіп, 391 гектар жерге Сыр маржанын екті.

Шарада аудан әкіміАсылбек Шаменов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Маханбет Тұрмаханов сөз сөйлеп, диқандар қауымына биылғы егін жинау науқанында сәттілік тілеп, қамбаның дәнге толуына тілектестігін білдірді.

Ардагерлер мен аудан әкімі Асылбек Шаменов, шараға қатысушы қонақтар алғашқы егінге орақ түсу рәсімінің лентасын қиды.

Айта кету керек, биылғы жылы аудан бойынша 36327 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде 19800 га күріш, 600 га жаздық бидай, 90 га күздік бидай, 30 га арпа, 147 га жүгері, 2200 га мақсары, 3960 га жаңа жоңышқа, 500 га картоп, 1000 га көкөніс, 1200 га бақша дақылдары, 6800 га ескі жоңышқа күтімге алынды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<