Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

5373

0

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Сапар барысында Президент Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылына барады және еңбек адамдарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында салынып жатқан жаңа әуежай терминалымен танысып, бірқатар нысанды аралап көреді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<