Жәрмеңке жоғары деңгейде өтті

636

0

Күрішті, ырысты Сыр елінде ырзық-несібе толысты. Облыс диқандары ел байтағы – Нұр-Сұлтан қаласында екі күндік жәрмеңкесі өтті. Қызылорда өңірінің молшылық сыйын елордалықтар үлкен ықыласпен қабылдады.
Сыр бойынан әкелінген 500 тоннадан астам өнімдер нарықтан 15-20% төмен бағамен халыққа ұсынылды.
Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, сырбойылық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, облыс тарапынан қайырымдылық қоры аясында жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.
Жәрмеңкеге келген елордалықтар дән риза.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<