Араб астронавы алғаш рет ғарышқа аттанды

403

0

Біріккен Араб Әмірліктерінің ғарышкері Сұлтан әл-Нейади ашық ғарышта NASA астронавты Стив Боуэнге қосылу үшін халықаралық ғарыш станциясының модулінен шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Әл-Нейадидің отаны ғарыштағы бұл саяхатты «тарихтың елеулі кезеңі» деп атады. Отандастары астронавқа «Ғарыш сұлтаны» деген ат қойды.

41 жасында Сұлтан әл-Нейади ашық ғарышқа шыққан алғашқы араб ғарышкері атанды.

Ол алты айдан бері ХҒС бортында болды.

Станция модулінен шыққаннан кейін әл Нейади NASA-дағы әріптесімен бірге модульді энергиямен жабдықтау жүйесін жаңарту жұмысын атқарды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<