«Қазақфильмде» шыққан өрттің себебі анықталуда

523

0

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақфильмде» өрттің шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақфильмде» өрт шықты. 400 шаршы метрді құрайтын өрттің бірінші ошағы сағат 23: 10-да ауыздықталды. Өрттің екінші ошағы 200 шаршы метрді құрайды. Ол сағат 23: 26-да ауыздықталды. Өртті сөндіруге 53 қызметкер мен 16 техника жұмылдырылды. Өрттің салдары жойылуда. Зардап шеккендер жоқ. Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментіне қанша шығын келгенін және өрттің шығу себебін анықтауды тапсырдым«, – деп жазды әкім Twitter парақшасына.

Еске сала кетсек , бұған дейін Алматыда Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ музейінде өрт шыққаны туралы жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<