Қазақстанда биыл мектеп түлектеріне салтанатты банкеттер өткізуге тыйым салынды

646

0

Фото: Tengrinews.kz

Биыл оқу жылының аяқталуына орай Қазақстанның барлық мектебінде дәстүрлі салтанатты жиынның орнына бірыңғай сынып сағаты өтеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ал мектеп бітірушілерге мектеп бітіруін салтанатты түрде тойлауға тыйым салынды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<