«Қазақстан аруы – 2023»: Қызылордалық ару бірінші вице-мисс атанды

400

0

Фото: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушысы Ботакөз Нұржігітова республикалық «Miss Qazaqstan-2023» байқауына қатысып, бірінші вице мисс атанды.

Сұлулық байқауында бойжеткендер өз өнерлерін ортаға салып, бірнеше кезең бойынша бақ сынады.

Ботакөз Болатқызы Педагогика және дәстүрлі өнер институтының «Дизайн және технологиялар» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті. Бала кезінен сурет салып, киімдер эскиздерін, дизайнын жасаумен айналысады. Болашақта осы сала бойынша білікті маман болуды армандайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<