Қазақстандық жас шахматшы әлем чемпионы атанды

421

0

Қазақстандық шахматшы Ксения Балабаева Италияда өткен сайыста топ жарып, блицтен жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Nur.kz

20 жасқа дейінгі жастар арасында рапид пен блицтен әлем біріншілігінде өнер көрсеткен отандасымыз алтын жүлде үшін ақтық сында командаласы Әмина Қайырбекованы жеңіп, әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ блицтен ерлер арасындағы бәсекеде қола жүлде үшін таласқан Арыстан Исанжулов қарсыласын тай-брейкте жеңіп, үшінші орын еншіледі. Оған қоса, Ксения Балабаева рапидтен жаһандық додада күміс жүлдегер атанса, тағы бір отандасымыз Зейнеп Сұлтанбек қола медаль иеленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<