Жалағаштық тұрғындар сенбілікке қатысты

807

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Бүгін “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында Жалағаш кенті және ауылдық округтерде жаппай сенбілік шаралары ұйымдастырылды.
Сенбілік жұмыстарына аудан бойынша меншік нысанына қарамастан барлық 145 мекемеден 1900-ге жуық адам қатысып, 24 дана техника жұмылдырылды.
Сенбілікте көшелер мен саябақтардағы қоқыстар тазартылып, қураған талдар кесіліп, аяқ су жүретін арықтар қураған жапырақтардан тазартылып, 12 тоннаға жуық күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды. Сондай-ақ, сенбілік жұмыстарының аясында көшелер, аллеялар мен саябақтарда 4200 түп ағаш отырғызылды.
Жиналған қоқыстарды шығаруға Жалағаш кенті бойынша жауапты мердігердің, ауылдық округтер бойынша шаруа қожалықтардың техникалары жұмылдырылды.
Сонымен қатар, Жалағаш кенті және ауылдық округтердегі саябақтар мен аллеяларды тазалау жұмыстары жүргізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<