Сенбілік жұмыстары қарқынды ұйымдастырылды

629

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгін Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында аудан орталығы мен барлық елді мекендердің орталық көшелері мен шет аймақтар күл-қоқыстардан тазартылды.

Кәсіпорын ұжымдары кент әкімшілігімен бірлесе отырып, белгіленген 7 аймақ бойынша қазақ-орыс қорымдары, «Водокачка» елді мекеніне барар жол, Әйтеке би кентінің орталық көшелері мен шет аймақтарын қоқыстардан тазалап, өздерінің үлестерін қосып, белсенділіктерін танытты.

Сенбілік барысында барлық елді мекендер бойынша 25,2 шақырым аяқ су арықтары тазартылып, қоқыстары арнайы орынға шығарылды.

Жалпы, тазалық шарасына 128 мекеме-кәсіпорын, 2144 адам, 28 техника жұмылдырылып, 32,5 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы орынға шығарылды.

Айта кетейік бүгінгі сенбілікте «Жасыл аймақ» апталығы аясында аудан аумағында 400 түп ағаш көшеттері де отырғызылды.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<