Экологиялық акция қарқынды жалғасуда

605

0

Фото: Қала әкімдігі

Қызылорда қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында апта сайын сенбілік ұйымдастырылуда.

Бүгінгі тазалық акциясы қаланың барлық аумағында өтті. Оның ішінде, Д.Қонаев, С.Толыбеков, К.Байсейітова, Қойсары батыр, Ә.Мүслімұлы, Ә.Бөкейхан, Жеңіс, Амангелді, А.Байтұрсынов, Қорқыт ата көшелері, Абай, Астана, Назарбаев даңғылдарымен қатар, Рәміздер алаңы аумағында барлығы 700 түп түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, арықтар мен көше бойларына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аталған тазалық акциясына барлық мекемелермен қатар, кәсіпкерлер, қала тұрғындары белсенді қатысуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<