Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды

644

0

23 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында Газель және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алды, деп хабарлады turkystan.kz.

«ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр», – деді ІІМ баспасөз қызметінен.

Полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шараларын сақтау керегін ескертеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<