Тәуелсіздік күніне орай акция өткізді

290

0

Фото: автордан

Мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне орай акция ұйымдастырды. Осылайша, таңертеңнен бастап ХҚКО қызметкерлері жеке куәлігін алғаш рет алған клиенттерге «Қазақстан» шоколады мен кәдесый жалауларын таратуға кірісті.
Дәстүрге айналған бұл іс-шара өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталған.

Айта кетейік, қараша айындағы деректерге сәйкес, биылғы жылдың бүгінгі күнге дейін көрсеткіші алашқы жеке куәлік облыс бойынша – 26 мыңға жуық, Айтпақшы, қазақстандықтар жеке басын куәландыратын бұл құжатты 16 жасында алады.

«Елдегі басты мерекелердің бірі қарсаңында біз алғаш рет жеке куәлік алып отырған жас қазақстандықтарды атап өткіміз келді. Құжатпен бірге Қазақстанның рәміздері бейнеленген шағын сыйлықтарды табыс еттік. Бұл жастарды адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуге оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз», – деді филиал директоры Аида Ибрагимқызы.

ХҚО қызметкерлерінің айтуынша, кәдесый алған жастар таңғалып, қуанып қалды.

Оларды Мемлекеттік корпорация қызметкерлері ғана емес, басқа қызмет алушылар да құттықтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<