Тоғыз боксшымыз Литвадағы халықаралық турнирдің финалына шықты

3109

0

Фото: Бокс федерациясы

Литваның Каунас қадасында өтіп жатқан Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирде бақ сынап жатқан қазақстандық боксшылардың тоғызы финалға шықты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олар:
54 кг. Нұрсұлтан Алтынбек
57 кг. Асылжан Серікбай
60 кг. Алмат Әбдуәли
63,5 кг. Жандос Қыдыралиев
67 кг. Елнұр Сүйінбай
71 кг. Фарух Тохтасунов
75 кг. Азамат Бектас
80 кг. Тұрсынбай Құлахмет
92 кг. Абзал Құттыбеков

Жалпы аталған турнирге 11 боксшы аттанған болатын. Өкінішке қарай, Даниял Сабит (51 кг) пен Аманат Сабырғали (92+ кг) жартылай финалда жеңіліп, қоланы қанағат тұтты.

21 наурыз күні басталған халықаралық турнир, бүгін, яғни 23 наурыз күні мәресіне жетеді. Оған әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы қатысып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<