Іс-қимыл жоспары міндеттерді айқындайды

1097

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова экономиканың негізгі секторларында басты көрсеткіштерді айқындайтын 2021 жылдың Іс-қимыл жоспарына арналған жиын өткізді. Аймақ басшысы 2021 жылы өңірдің экономикалық табыс деңгейін арттыруға арналған нақты жоспар бойынша маңызды жоспарларды саралады деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Жиында облыстық экономика және бюджетті жос­парлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай биылғы жылы іске асатын маңызды жобалар мен басым бағыттар бойынша алдағы жоспарлар­ды тізбеледі. Бұдан былай көрсеткіштердің орындалуы бойынша ай сайын жос­пар қойылып, басқарма бас­шылары межеленген көр­сет­кіштердің орындалуы бо­йынша есеп береді.


Облыс әкімінің Іс-қимыл жоспар жобасы экономика салаларының басты индикаторларын айқындайтын 6 негізгі бағыттан тұрады. Жос­пар 2021 жылы бюджеттік және бюджеттік емес қар­жылардан жүзеге асырылуы жоспарланған негізгі іс-шараларды қамтиды.


Алдағы кезеңде негізгі тірек салалар бойынша жобалар іске асып, маңызды құрылыс нысандары салынады. Инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін арттыру, өңдеу өнер­кәсібі саласын дамыту ба­ғытында бірқатар жұмыстар іске асады. Адами капитал сапасын арттыруға арналған жобалар қабылданып, білім, медицина, мәдениет, спорт салаларында түрлі бастамалар жүзеге асады.


Жиында облыс әкімі орын­басарларына жоспарға енген әрбір жұмыстың орындалуы, нақты индикаторлық көрсеткіштерді кешенді түрде іске асыру міндетін жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<