Облыс әкімі Г.Н.Әбдіқалықованың төтенше жағдай режимін аяқтау туралы мәлімдемесі

512

0

Құрметті облыс тұрғындары!

Бүгіннен бастап облыстағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Нәтижесінде 952 адам құқық қорғау органдарына жеткізіліп,
56 қылмыстық іс қозғалып,97 адам қамауға алынды. Сондай-ақ,
436 әкімшілік іс қозғалып, 154 адам қамалды.

Қылмыс жасағандар заң бойынша жауапқа тартылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әртүрлі құқық бұзушылық бойынша ұсталған азаматтардың кінәлілік деңгейі анықталып, тергеу шараларын жүргізудеадам құқықтарының бұзылуына жол берілмейді.

Бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласы бойынша стационарға
210 адам жүгінген. Оның 20-ы емделіп жатыр, 4-і реанимацияда, өкінішке қарай 24-і қайтыс болды.Қаза тапқан отандастарымыздың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Сын сағатта жаппай тәртіп бұзушылармен күресіп, мемлекет тұтастығын сақтауда алдыңғы сапта тұрып, азаматтарымыздың өмірі үшін жанкештілік танытқан барлық құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғысымызды айтамыз.

Антына берік дәрігерлер де төтенше жағдай кезінде қызметтеріне адалдықтарын көрсетті. От пен оқтың ортасында жүріп жаралылардың өмірін аман сақтап қалуға тырысты. Бұл ретте барша медицина қызметкерлеріне мың алғыс!

Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жедел штаб тұрақты жұмыс істеп, 28 блок-бекет қойылды.

Төтенше жағдай кезінде азаматтардың өтініштерін ескеру мақсатында жедел 1414 Call-орталығы құрылып, 90 оператор тұрақты түрде жұмыс істеді. 7 қаңтардан бастап орталыққа тұрғындардан 100 мыңнан аса қоңырау келіп түсті. Әрбір жолданған қоңыраулар бізге мәселелерді алдын ала сараптап, бірлесіп шешуге көмегін тигізді.

Коммуналдық қызметтер үздіксіз, штаттық режимде жұмыс істеуде. 8 қаңтардан бері қоғамдық көліктер қатынасы реттеліп,
255 көлікқызмет көрсетуде. Теміржол және әуе қатынасының қызметі де кестеге сай жүруде.

Өтпелі кезеңде банк қызметі уақытша тоқтап, қаржы жағынан қиындық болғаны белгілі. Қазіргі таңда 381 банкомат қалыпты жұмыс жасап, кәсіпкерлік нысандары тұрақты жұмыс істеуде.

Басты талап –тұрақтылықты сақтау, өңірдегі әлеуметтік мәселелер бойынша дер кезінде шешім қабылдау.

Бүгінде азық-түлік қоры жеткілікті. Тұрақтандыру қорында
1399 тонна өнім сақтаулы. Көрші Түркістан облысымен екіжақты келісім нәтижесінде жетіспейтін азық-түлік бойынша 122 кәсіпкердің тізімі жасақталды.

Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік өнімі мен газ, дизель отыны мен бензин бағасының бекітілген шекті мәннен асырылмауы тұрақты бақылауда. Тапшылықты болдырмаймыз.

Оқиға салдарынанмемлекеттік маңызы бар 9 стратегиялық нысанға шабуыл жасалып, ғимараттарға залал келіп, автокөліктер өртенді. Бүгінгі күні жалпы шығын көлемі 6 млрд.теңге шамасын құрады. Кәсіпкерлік нысандарға келген нұқсанкөлемі «Атамекен» ұлттық палатасымен қаралуда.

Ғимараттарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жедел әрі сапалы аяқталуы керек. Қазірде әр нысанның ақау актілері аяқталып, мердігер компаниялар белгіленіп, 350-ге жуық маман қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Нысандардың басым бөлігі20 ақпанға дейін аяқталатын болады. Бүгінгі таңда тіршілікті қайта қалпына келтіру бағытында жүйелі жұмыстар жасалуда.

Қадірлі жерлестер!

Өкінішке орай, коронавирус індеті қайта өршіп, облысымыз қызыл аймаққа енді. Шектеу шаралары күшейіп, оқушылар онлайн форматта оқуда. Дәрі-дәрімек қорында тапшылық туындамайды, төсек-орын санын 3200-ге ұлғайтуға мүмкіндігіміз бар.

Вирустан сақтану үшін вакцина алып, жақындарыңыз үшін қауіпсіздік ережелерін бірге орындайық! 

Бүлікшілермен күрес кезінде азаматтардың көпшілігі патриоттық танытып, келісім мен бірлікті көрсетті. Сынақ кезінде бірге болған барша Сыр жұртына риясыз алғысымызды білдіреміз. Халықтың бірлігімен кез келген қиындықтан шығамыз.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бірлікке үндейтін ұстанымдарына қолдау білдірейік! Елдің іргесі берік болсын! 

Күшіміз бірлікте!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<