Сыр өңірі шағын бизнесті қолдау бойынша көшбасшылар қатарында

630

0

Сурет Қызылорда облысы әкімдігі

Мемлекеттік қолдау нәтижесінде биыл өңірде жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10,3 пайызға артып, 70 977-ге жетті.
Жыл басынан бері кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттік бағдарламалар аясында 24 млрд теңге бөлініп, 3,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Мемлекеттік қолдау тетігіне қаралған қаражат өткен жылмен салыстырғада 20 пайызға артты.
Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 15,8 пайызға өсіп, 124 376 адамға жетті. Мемлекет басшысының бөлшек салықты енгізу және салықтық ынталандыру шарасын қабылдау бастамасын республика көлемінде алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысы орындады.
Биыл облыста 35 мың кәсіпкердің мүддесі қамтылған бөлшек салықтың пайыздық мөлшерлемесі 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілді. «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру үшін облысқа биыл 3 млрд теңге бөлінді. Бүгінге жалпы құны 1,6 млрд теңгені құрайтын 198 жоба мақұлданды.
Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына 2,5 пайызбен 2,3 млрд теңге жеңілдетілген несие табысталды. Айта кетейік, іріктеу барысында өндірістік жобаларға басымдық берілді.
Алдын ала болжам бойынша жыл қорытындысымен шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 2022 жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға артып, 21,5 пайызға жетпек.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<