2023 жылдан бастап мектептер латын қарпіне ауысады

917

0

Асхат Аймағамбетов 12 жылдық оқыту форматына ауысумен қатар, латын графикасын бағдарламаға енгізілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz

2021 жылғы қаңтар айының соңында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысында қазақ әліпбиінің латын графикасындағы жаңа нұсқасы ұсынылды. Әліпби 40-тан астам ұсынылған нұсқадан таңдалған.
   Жетілдірілген әліпби қазақ тілінің 28 дыбысын толық қамтитын латын әліпбиіндегі базалық жүйенің 31 символын қамтиды. Қазақ тілінің ерекше дыбыстары ә (ä), ө (ö), ү (ü), ұ (ū) и ғ (ğ), ш (ş) дыбыстары халықаралық тәжірибеде жиі қолданылатын умляут ( ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль (,), бревис ( ̌). диакритикалық таңбаларымен белгіленген. Әліпби қазақ тілінің жазбаша тәжірибесінде бекітілген «бір дыбыс — бір әріп» қағидатына сәйкес келеді, деп атап өтілді Премьер-министрдің сайтында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<