«Болашақ» халықаралық стипендиясы 57 үміткерге тағайындалды

666

0

57 үміткер «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленді. Мұндай шешім бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында қабылданды, – деп хабарлайды Egemen.kz

26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өткен конкурстық іріктеудің бірінші және екінші кезең нәтижелері бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына 59 үміткердің материалдары ұсынылды. Оның ішінде 50 үміткер магистр дәрежесін алу үшін шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетімен түскендер, доктор дәрежесін алуға 7 үміткер, тағылымдамадан өтуге 2 үміткер конкурстық іріктеуге қатысты. Үміткерлердің көпшілігі Ұлыбритания (28 адам), АҚШ (19 адам) және Австралияда (7 адам) оқуға құжат тапсырса, ең азы Швейцария, Дания, Жаңа Зеландия, Израиль, Ресей сияқты елдердің еншісінде.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 57 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<