ДӘНЕКЕРЛЕУШІ МАМАНДЫҒЫН ИГЕРУДЕ

525

0

Сырдария агротехникалық колледжінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 25 адам газ-электр дәнекерлеуші мамандығын игеріп жатыр. Қазір өндірісте де, шаруашылықта да дәнекерлеуші  мамандарға сұраныс артуда.

Ауданның әр ауылынан мамандық алу үшін келген азаматтарға стипендия төленеді. Жолақы мен тамақ мәселесі де шешілген. Курс оқушылары қажеттіліктеріне орай жатақханамен де қамтылған.

– Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, өндірістік тәжірибеде қолданылатын замануи құрал-жабдықтар мен арнайы киім алынды. Қазір қысқамерзімді курстың теориялық кезеңі аяқталып қалды. Енді аз күнде оқушылар тәжірибе жинауға жіберіледі, – дейді колледж директоры Д.Қожахметов.

Аудандағы тапшы мамандықтарды анықтау үшін жүргізілген мониторинг нәтижесі әсіресе, жұмысшы кәсібін игергендерге сұраныс жоғары екенін анықтады. Колледж дайындап жатқан газ-электр дәнекерлеуші мамандар болашақта еңбек нарығынан өз орнын алады деген сенімдеміз. Өйткені алдағы уақытта облыстың басқа аудандары сияқты Сырдария ауданына да газ келеді. Сол кезде өз ісін меңгерген  мамандарымыз әзір тұрады. Шілде айында қысқамерзімді курс аяқталып, алғашқы түлектер қолдарына құжат алады.

Фариза РАҚЫШ,

колледж оқытушысы.

Сырдария ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<