Облыс әкімі грантының саны артты

833

0

Биыл Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне өңірге қажетті мамандықтар бойынша облыс әкімінің 42 гранты бөлінді.

Облыс әкімінің қатысуымен өткен жиында тіркеуші офис бөлімінің басшысы Марат Абжаев арнайы сөз алды. Өз кезегінде Марат Маликұлы өзге оқу орындарына бөлініп, бос қалған 14 грантты университетке бөлуге ұсыныс білдірді. Нәтижесінде комиссия құрамы келісім беріп, бүгінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, облыс әкімінің гранты балалар үйінің талапкерлеріне, айлық табысы төмен отбасыларының балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға, ата-анасы екеуі де зейнеткер болып табылатын, ата-анасының мүмкіндігі шектеулі және ата-анасынан айырылған, оралман-қандас отбасы мүшесіне және көп балалы отбасынан шыққан жастарға тағайындалады.

Бұл жастарға тегін оқып, сапалы білім алуға үлкен қолдау. Облыс әкімі грантының иегері атанған білім алушыларды құттықтаймыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<