Оқушылардың есінде өмір бойы сақталған тапсырма

695

0

Бірнеше жыл бұрын «Readerʼs Digest» журналында ғажайып оқытушы әйел жайлы мақала жарық көрген болатын. Оның кішкентай тапсырмасынан кейін оқушылар өз-өзіне сенімді бола бастаған. Кез-келген адамға керемет көңіл-күй сыйлайтын сол оқиғаны сіздеремен бөлісуді жөн көрдік.  Миннесота штатында тұратын математика пәнінің оқытушысы оқушыларға мынандай тапсырма берген: сыныптағы балалар тізімін жасау, әрбір баланың мінез-құлқы туралы ойланып көріп, өзіне ұнаған мінезін оның аты-жөні қасына жазу. Сабақтың соңында оқытушы орындалған тапсырмаларды жинап алады. Сол күні жұма болып, алдағы демелыста барлық тапсырманы тексеріп шығады. Дүйсенбі күнгі сабақта оқытушы оларға өздерінің жақсы қасиеттері туралы жазылған пікірлерді таратып шығады. Біраздан соң жан-жақтан бір-біріне риза болған оқушылардың сыбыры естіліп жатты…  Арада бірнеше жыл өтіп оқушылардың бірі – Марк Экланд Ветнамда қайтыс болады. Оны туған жері Миннесота штатында алып келіп жерлейді. Жерлеуге оның достары, сыныптастары, оқытушылары да келеді. Жерлеу кезінде математика оқытушысының қасына Марктың әкесі келіп: «Сізге рахмет, Марктың қалтасынан мына қағаз табылды. Балам бұл қағазды өмірі жанынан тастаған емес», – деп шеттері түтеленіп кеткен бір парақ қағазды береді. Бұл кезіндегі оқушылардың өздері жайлы жазылған жақсы пікірлері еді.  Сол кезде Марктың сыныптастары қалталарынан өздерінің жақсы қасиеттері туралы жазылған қағаздарын ала бастады. Кейін белгілі болғандай көпшілігі осы бір парақты өздерімен алып жүрсе, кейбірі оны үйдегі отбасылық суреттер арасында сақтайды екен.

Массагет.кз сайтынан

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<