Қызылордалық мұғалімдер Түркияның түнгі клубында сауық құрғаны үшін жұмыстан шығарылған жоқ

2898

0

Фото: акимат Жамбылской области

Қызылорда облыстық білім басқармасы 2 мұғалімнің жұмыстан шығарылуының басты себебін атады.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов Фейсбуктегі парақшасында түнгі клубта жүргенін әлеуметтік желіде жариялаған екі мұғалім жұмыстан босатылғанын жазған еді.

«Қысқы демалыс уақытында Түркияның түнгі клубтарының бірінде қыдырып жүрген Қызылорда облысының екі мұғалімінің әлеуметтік желілердегі жарияланымдары ата-аналар қауымының наразылығын тудырды. Педагогтер жұмыстан босатылды», – деген болатын ол.

Ал облыстық білім басқармасы аталған ұстаздардың өздері арыз жазып, жұмыстан шыққанын алға тартады.

«Басқармаға қарасты Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицейінде жұмыс істеген мұғалімдер ақысыз демалыс алған күндерінен бөлек, 2-5 жұмыс күндері аралықтарында белгісіз себептермен, ескертусіз жұмыстан қалған. Сол себепті ҚР Еңбек кодексінің 49-бабы, 5-тармағына сәйкес, өз арыздарымен жұмыстан босатылғандығын жеткіземіз», – деді ведомстводан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<