Әлемдегі бай адамдардың тізіміне енген 6 қазақстандық кім?

665

0

Экономика, бизнес, қаржы саласын зерттеп, жазатын Forbes басылымы әлемдегі бай адамдардың рейтингін жариялады. Жаңа тізімге Қазақстанның 6 азаматы енді.

Еліміздегі ең бай кәсіпкер Владимир Ким 4,6 млрд. доллар байлығының арқасында тізімнің 622-ші сатысына жайғасты.

Екінші миллирдеріміз Болат Өтемұратов 891-ші орыннан көрінді. Оның байлығы – 3,4 миллиард доллар.

1000 бай адамдардың тізіміне тағы екі отандасымыз кірді. Олар Kaspi негізін қалаушы Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе. Алғашқысының байлығы 3,3 млрд. доллар болса, Михаилдікі 3,2 млрд. долларды құрайды.

Тізімге ерлі-зайыпты Тимур мен Динара Құлыбаевтар да кірді. Олардың әрқайсысының байлығы – 2,8 млрд. доллар.

Freedom Holding Corp иесі Тимур Турлов 2,2 миллиард доллар қаржысымен рейтингтің 1517-ші сатысынан көрінді.

Дереккөз: aikyn.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<