Қант құмайы егілуде

785

0

Сын сағатта жұмыла жұмыс жасап жатқан сала өкілдері баршылық. Дәрігерлер, әскерилер сияқты ауыл шаруашылығы қызметкерлері де егістік басында жұмысқа кірісті. Күн-түн демей жер жырту, тегістеу, таптау, егу жұмыстары – жоғары өнім алу жолындағы қарқынды процесс. Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік алаңқайындағы әр күн – жылға азық. 

Былтыр 2 гектар жерге сынақ ретінде егілген қант құмайы (сахарное сорго) дәл қазіргі сәтте 100 гектар аумаққа егілу үстінде.

Қант құмайы қандай дақыл? Бұл дақыл өнімділігімен, ыс­тық және құрғақшылыққа төзім­­ділігімен, егіннің тұрақ­тылығымен, жақсы жемдік қа­сиеттерімен және пайда­ла­нудың әмбебаптығымен ерек­шеленеді. Қанттылығы сортына қарай 20%-ке дейін болатын қант құмайын 3 рет орып, сүрлемге дайындауға болады. Тұқымның өнімділігі – 2-3,5 т/га, сабақтары – 25-тен 45 т/га дейін, қант құрамы – 10-12%, құрғақ заттар – 16-19%, тазалығы – 75-79%. Сорттардың өсу кезеңі – 120-135 күн, ол өсіру аймағына және себу мерзіміне байланысты. Тұқым себу нормасы – 2,5-тен 30 кг/га дейінгі ауытқумен 7-10 кг/га.

Ол тіпті тұзданған топырақта да өседі, құрғақшылық аймақ­тарда көп кездеседі. Біздің аймақтың ахуалында бұл дақылдан түсер пайда орасан зор. Оның жай-жапсарын институт ғалымдары жіті бақылауда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<