БЖЗҚ: Қазақстандықтардың зейнетақы жарналары 30%-ке жуық өсті

304

0

ҚазАқпарат – 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты.

ҚР Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ()Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы (БЖЗҚ) жарналары (МЗЖ) есебінен 12,7 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 367,8 млрд теңге, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 1,7 млрд теңге. 2022 жылдың бірінші айында БЖЗҚ салымшылары былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 30% дерлік көп қаражат салған.

2022 жылдың 1 ақпанына қарай, салымшылардың шоттарына шамамен 114,9 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 26,1 млрд теңгеге артық. Жарналардың жалпы көлемінің 93,3% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды – 107,2 млрд теңге (өсім 29%), МКЗЖ бойынша 7,6 млрд теңге (өсім 28%) түсті, ЕЗЖ бойынша 72 млн теңге (өсім 149%) аударылды. Сонымен қатар, бір айда таза инвестициялық табыс 10,6 млрд теңге болды. 2022 жылдың 1 ақпанына қарай, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн бірлікке жетті.

Шоттардың ең көп мөлшері міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды – 10 865 718 бірлік. Одан әрі МКЗЖ-нан қалыптасқан шоттар – 550 405 бірлік, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 63 471 бірлік. Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 113,2 млрд теңге төледі, оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрайды – 97,0 млрд теңге.

Жасына байланысты төлемдер – 6,6 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 3,8 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 3,5 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 1,6 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 0,4 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 0,2 млрд теңгені құрады.

Атап кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) 29 200 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 548 741 теңге болды.