Мал өнімдерінің технологиясы

1226

0

 Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен, ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді.  

Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдары өсіруге қазір үлкен ден қойылды. Сиырларды ұрықтандыру, суалту және төлдету жоспарлы түрде жүргізілгенде сүтті бағыттың берері көп болады. Бедеулікті азайту және төлдің сақталуын арттыру шаралары да жоспарлы түрде атқарылуы қажет.Сүтті бағыттағы ірі қара шаруашылығын мамандандыру қолға алынып, арнайы кәсіби мамандар даярлануда.Сүтті бағыттағы ірі қара шаруашылығындағы сүт өндіру технологиясының мәні, зоотехнологиялық және экономикалық тұрғыдан негіздемесі де болуы қажет.  Сүт өнімдерін шығаруда жақсы механикаландырылған фермалардың, фермерлік шаруашылық пен шаруа қожалықтарының типтері, олардың қалыпты өлшемдері ескерілуі және қаржыландырудың толық түрде іске асып жатқандығын ескеру керек. Сүт өнімдерін алуда ірі қарларға арнайы күтім және құнарлы азық қажет. Олардың жем-шөбі мен көңіл-күйі сүттің құнарлылығына тікелей әсерін тигізері анық.                                                                

Сүт өнімі мен қатар ет бағытының да маңыздылығы орасан зор. Етті бағыттағы ірі қара мал тұқымдарына жақсы жағдай жасалуы міндетті. Етті ірі қара төлін өсіру және бордақылау технологиясын толықтай меңгергеннен кейін ғана оыс салаға ден қою өте дұрыс. Бордақылау барысында арнайы кәсіби маман көмегіне жүгіну абзалырақ. Фермерлік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарындағы бордақылау алаңдарында тазалықтың сақталуы қажеттелігінде естен шығармаған абзал. Себебі, ет өнімінің мөлшерінің көп болуымен қатар сапасы да сәйкес жоғары болу қажет.              Ірі қара түліктер арасында өнім өндіруде түйені айту қажет. Оның барлық берер өнімдерін табиғи тауар немесе құнарлы тағам ретінде пайдалануға әбден болады. Түйе етін өндірудің арнайы өзіндік технологиясы бар. Түйе етін өндіруде резервтері жүйе де іске асады. Түйені бір орында баққаннан жайып семірту дұрыс. Бұл кезеңде түйе табиғи семіріп,  бордақылауға дайын болады. Түйенің етімен қатар сүті де талай жанның дертіне дауа болған. Бүгінде түйе сүтімен емдейтін арнайы орталықтар, ауруханалар үзіліссіз жұмыс жасайды. Оның құрамындағы дәрумендер жүздеген ауруға ем. Түйе сүтін өндіру де арнайы технологиясы бар. Түйенің сүт өнімділігін арттыру әдістерінің заманауи және қарапайым дәстүрлі түрлері бар. Түйк сүтінен кейін тағы бір өте маңызды өнімі- түйе жүні. Жүн – түйе шаруашылығының қосымша, бағалы кіріс көзі. Елімізде ғана емес, алыс-жақын шетелдерде түйе жүніне деген сұраныс көп-ақ. Оның табиғи жүнінен түрлі бұйымдар, киімдер жасауға болады.  Аталған өнімдерді дұрыс өндіруді үйренсек, ел экономикасына да тигізер пйадасы орасан зор.

Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты

Қызылорда ғылыми-зерттеу ветеринария сатансасы филиялының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты Д.Ибрагимов

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<