Ауруды қалай жеңеміз?

1163

0

Қазір жұқпалы індет белең алып тұр. Тұрғындар ауру белгілерін аңғарғаннан кейін дәрігер көмегіне жүгінуде.
Осындай қиын кезеңде ешкім өз денсаулығына бей­жай қарамауы тиіс. Егер коронавирус пен пневмония белгілері байқалса, дереу аймақтық дәрігерге хабар­лас­­қаныңыз жөн. Арнайы тек­­серуден өтіп, маманның кеңе­сіне құлақ түріп, та­ғайындаған дәрі-дәрмекті алып, күтініңіз. Өзіңізді уақытында қолға алсаңыз, ортаңызға да кесіріңіз тимейді.


Сонымен қатар қарапайым сақтық шаралары да ескеріле бермейді. Қоғамдық орындар мен адам көп шоғырланған жерге барған кезде міндетті түрде бетперде, қолғап пен антисептик жаныңыздан табыл­сын. Бұдан бөлек дәріхана, банк, сауда орындарында әлеуметтік арақашықтық сақ­талуы тиіс. Қолды сабынмен жиі жуу керек.


Үйде қарт кісілер мен балалар болса, гигиеналық талаптарды қатаң ұстанған абзал. Егде жастағы адам­дардың көпшілігінде қант диа­беті кездеседі. Сол себепті ерекше күтім жасалады. Сұйық­тықты көп ішу де маңызды.


Тұрғындар үйдегі салқын­дат­қышты қосып, салдарынан суық тигізеді. Мейілінше, сал­қын суды ішпеген дұрыс. Иә, қазір шіліңгір шілде. Бірақ жұқпалы індетпен күре­сіп жатқанымызды естен шығармайық. Карантин ке­зінде де ережеге бағынбай басқосулар, жиын-той, мере­келік кештер өткізгендер бар. Бұл жағдай індеттің өршуіне себеп болып отыр.


Бірінші адамдар имму­ни­тетін көтеру керек. Ол үшін құнарлы, табиғи тағамдарды жиі тұтынып, салауатты өмір салтын ұстанып, таза ауамен тыныстап отыру керек. Бізге келген науқастардың басым бөлігінде гемоглобині төмен. Қосымша ауруы бар адамдар да барынша сақтық шараларына мән беріп, үй жағдайында ем алған дұрыс. Тек дәрігердің кеңесі арқылы берілген дәрі-дәрмекті тұтыныңыз.


Өзім еңбек ететін Қазалы темір жол ауруханасы қыз­меткерлері пациенттерге үй жағдайында стационарлық көмек беруде. Науқастарға тегін дәрі-дәрмек те үлестіріліп жатыр. Біз қолдан келген барлық шараларды жасаудамыз. Сіз де жақыныңызға жанашыр болыңыз.

Бақыт АЙЖАРЫҚОВА,

темір жол ауруханасының терапия бөлімінің меңгерушісі,
бірінші санатты

терапевт-дәрігері

Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<