Енжарлық зардабын ертең тартпас үшін

534

0

21 маусымдағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус вакцинасының бірінші компонентін 2 760 223 адам салдырса, екінші компонентті алғандар саны 1 668 032-ні  құрады. Ал облыста 20 маусымдағы мәліметке сәйкес, 1 компонентпен егілгендер саны  119 224-ке жетіп, тұрғындардың қамтылуы  31,5 процент болды.

Бүгінде тұрғындарға «Спутник V», «Hayat Vax SARS-CoV-2 Vero Cell», «QazVac-in»  және «CoronaVac» вакциналары салынуда. Мамандардың мәлім­деуінше, вакциналардың бұл көлемі індетке қарсы вакциналауға жататын контингентті барынша кеңейтуге және ақысыз негізде екпе алғысы келетін адамдардың қолжетімділігін қам­тамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде аймақта 106, оның ішінде аудандарда 91 егу кабинеті бар. Бұдан басқа, шалғайдағы ауылдық аудандарда, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде (ірі сауда ойын-сауық орталықтары, базарлар және басқалары)  екпе жұмыстарын жүр­­гізу үшін арнайы тоңазытқышпен жа­рақ­­тандырылған жылжымалы егу пункт­­тері  ұйымдастырылып, бүгінде 37 жыл­жымалы пункт (бригада) жұмыс істейді.

– Аймақта биылғы 1 ақпаннан бас­тап COVID-19  инфекциясына қарсы вакциналау науқаны басталып, барлығы 265 110 доза жеткізілді. Оның 165 560-ы І компонент болса (игерілгені – 119 224, қалғаны – 46736), 99 550-і ІІ компонент (игерілгені – 66 179, қалғаны – 33 371). Жеткізілген 265 110 доза вакцинаның 4000 дозасы – QazVac-in, 64 500 доза – HayatVax, 185 610 доза – Спутник – V,11000 доза – CoronaVac вакцинасы. Қазір облыс бойынша 19 медициналық мекемеде (соның ішінде қала бойынша 10, аудан бойынша 9 медициналық мекеме) егу жұмыстары жүргізілуде, – деді облыстық денсаулық сақтау бас­қар­масының басшысы Сәбит Пазылов.

Егілгендер арасында «Спутник V» вакцинасын 82 694 адам салдырса, «Hayat Vax SARS-CoV-2 Vero Cell»-ты 31 061 адам қолданды, ал 1 695 адам «QazVac» және 3 774 тұрғын «CoronaVac» екпесін алған.

Вакцинаның ІІ компонентімен егілгендер саны – 66 179, қамтылу көрсеткіш 17,5 процентті құрайды.

Жоғарыда бірінші компонентті ал­ған­дар санының 119 224 адамға жет­кенін айттық.  Оның ішінде медицина қыз­меткерлері – 15 698, яғни, 13,1 %, педагогтар – 31 492, яғни, 26,4 %,  күш құры­­лымдар қызметкерлері – 4 171, учаскелік полиция қызметкерлері – 1 455, мемлекеттік қызметшілер – 4 739, яғни, 3,9 %-ті құрады, созылмалы аурулары бар адамдар – 1 456, студенттер – 4 006, яғни, 3,3 %-ті  құраса, қалғаны басқа контингент.

Ал екінші компонентпен қамтылған 66 179 адамның ішінде 11532-сі (17,4 проценті) медицина қызметкері болса, 4,6 проценті, яғни, 3093-і мемлекеттік қызметкерлер, 3146-сы (4,7 проценті) құқық қорғау қызметкерлері. Ал педагогтар 19911-ді құрап, 30 процентті қамтыды, 2275-і (3,4 проценті) әлеу­меттік қызметкерлер болса, 24862-сі (37,5 проценті) басқа саладағылар.

1 ақпан мен 20 маусым аралы­ғын­дағы ақпаратқа сәйкес, №1 қалалық емхана (бекітілген халқының белсенді тобының 45,5%) мен Қармақшы (бекі­тілген халқының белсенді тобының 56,3%), Жалағаш (бекітілген халқының белсенді тобының 50,2%), Сырдария (бекітілген халқының белсенді тобының 47,2%) аудандары екпе жұмыстарын тиісті деңгейде орындаған.

Бүгінде әлемде, оның ішінде елімізде де вакциналаудың маңызы күн санап артып отыр. Себебі алыс және жақын шетелдердегі эпид ахауал алаңдатарлық. Ресейдің өзінде жағ­дай күрделеніп отыр. Мәселен,  Санкт -Петербургте инфекция жұқтыру оқи­ғалары санының өскені соншалық, инфекциялық ауруханалардағы палаталар санының тапшылығы байқалуда. Соңғы тәулікте коронавирустық инфек­цияның 1019 жаңа жағдайы тіркел­ген. Қалада вирустық инфекцияға шал­дық­қан науқастарға арналған ауруханаларда 9000-нан астам орын ұйымдастырылса, олардың 90%-і бос емес. Қаладағы жағдайдың күрделене түсуіне үндіс­тан­дық Дельта штаммының пайда болуы, соны­мен қатар, адамдардың вакцина сал­дырудан бас тартуы және карантин шек­теулерінің сақталмауы себеп болуда.

Елімізде өткен тәулікте 930 адамнан коронавирус анықталса, Шымкент қаласы «сары аймаққа» енді, Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл аймақтан» шыға алмауда. Ал өңірде өткен тәулікте 16 жағдай тіркелді. Осы орайда мамандар сақтық шараларын ұстанып, аурудың алдын алу үшін ұжымдық иммунитет қалыптастырудың маңызы зор екенін айтуда. Ұжымдық иммунитет қалыптастырудың тиімді тәсілі екпе екені белгілі. Ендеше екпе алуда енжарлық танытпау қажет.

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<