Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов жұмыс сапарымен Аққыр ауылдық округіне барып, ауыл тұрғындарымен кездесті.
Аудан әкімі алдымен ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, әлеуметтік нысандардың жай-күйі және елді мекенде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Аққыр ауылында өткен жылы Н.Таспенов және Аққыр көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Биыл ауылдың 3 көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.
Сонымен қатар, ауылдағы 100 орындық клуб құрылысына және «Аққыр» каналына су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, аталған жобаларды қаржыландыру мақсатында бюджеттік өтінім ұсынылды.
Кездесуде аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ауыл тұрғындарын толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерге тоқталды.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі





