Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жаңа қызмет iске қосылды, яғни госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды.
Ашылу рәсіміне облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының инвестициялық жобалар және медицина жүйесін дамыту жөніндегі орынбасары Ерділдә Нұртазаұлы қатысып, бөлiмше жұмысына сәттiлiк тiледi.
Жаңа бөлімше аурухананың дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жақсартып, дәрі-дәрмекті сақтау, бөлу және қадағалау үдерісін жоғары деңгейде жүзеге асырады. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейді. Ол балалардың қауіпсіз әрі сапалы ем алуына мүмкіндік береді.
Айнұр БАТТАЛОВА,
«Сыр бойы»