КВИ жұқтырғандардың саны ресми деректен көп болуы мүмкін – Цой

782

0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүкіл халықты ПТР-тестіден өткізу туралы жоспар жоқтығын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы біздің статистика коронавирус инфекциясы бойынша ПТР-тестілер арқылы расталған ресми мәліметтерге негізделген. Мұны түсінудің маңызы зор. Әлбетте, бұл жағдайлар көп болуы мүмкін (жұқтыру жағдайлары туралы). Алайда, қолдағы ресурстарды пайдалану үшін ПТР-тестілерге үлкен басымдық беріледі», – деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ведомство басшысы дегенмен, бүкіл халықты тестіден өткізу жоспары жоқтығын жеткізді.

«Пациент жұқтырған топқа жата ма, жоқ әлде онда пневмония ма – оны қалай ажыратуға болады? Бізге ең алдымен мақсатты топтарды тестіден өткізген дұрыс? Себебі, егер ауру белгілері болмаса пациент үйінде 14 күн жатып, бақылауда бола алады. Яғни біз ең бірінші кезекте, көмекке мұқтаж адамдарға басымдық беріп отырмыз», – деді Алексей Цой.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<