Қазақстанға қанша және қандай медициналық маман жетіспейді?

323

0

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда медициналық кадрлардың жетіспеу мәселесіне қатысты мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Практикалық денсаулық сақтау саласына 108 мың орта буын маманы тартылған. Өңірлердегі сұраныс қажеттіліктерге қарай медициналық колледждер мен ЖОО-лардың түлектері есебінен толықтырылады. Кадрлардың жетіспеушілігі Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында байқалады. Нақтырақ айтқанда, 616 анестезиолог-реаниматолог, 158 инфекционист, 60 эпидемиолог, 166 кардиолог, 68 пульмонолог, 84 реабилитолог керек», – деді ведомстводан.

Денсаулық сақтау министрлігі жұмысқа тартылған медициналық кадрлардың барлығы бойынша мәліметтер базасын құрып жатыр. Бұл база 40 мың маманды қамтиды. Сонымен бірге жұмысқа жеке сектор өкілдерінің 60 пайызы тартылған.

Еске сала кетсек бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медицина кадрларына тапшылық мәселесін шешу үшін колледждердің 112 түлегі тартылғанын хабарлаған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз