«Шалқия Цинк ЛТД» 2 ИВЛ аппаратын алып берді

423

0

Бүгін «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС кәсіпорнының демеушілігімен Жаңақорған ауданаралық ауруханасы мен жұқпалы аурулар бөліміндегі провизорлық стационарға құны 37 млн 400 мың теңге болатын 2 ИВЛ аппараты жеткізілді.

Медициналық аппарат электр қуаты сөнген жағдайда 30 минутқа дейін аккумулятор арқылы жұмыс жасайды. 7 түрлі режимде жұмыс жасау ерекшелігі бар.

Сондай-ақ, кәсіпорын тарапынан сақтық қорғаныш киімдері, пульсоксиметр (пульспен қанға келіп тұрған кислород мөлшерін анықтайтын аппарат) және дәрі-дәрмек берілді.

Аурухана тізімі бойынша аса қажетті дәрілік заттар кәсіпорын қаржысы есебінен жақын күндері жеткізіледі.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз