Жақынымызға жауапкершілікпен қарайық

435

0

Өткен жылдан бері Әлем елдері қиын кезеңді бастан өткеруде. Қазір Қазақстанның басым өңірі «Қызыл» аймақта. Өкінішке орай, біздің облысымыз да қауіпті өңірлердің қатарында екенін білеміз. Күн өткен  сайын дерт деңдеп бара жатыр, шұғыл сақтық шараларын сақтамасақ жағдай бұдан әрі қиындап кетуі мүмкін. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық психикалық денсаулық орталығының медицина қызметкері Анар Жүнісқұлова  мәлімдеді.

– Былтыр пандемия тұсында облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары «Сейхун» провизорлық стационарда еңбек етті. Бір айдан астам уақыт ішінде біз 1000-ға жуық науқасқа көмек көрсеттік. Тынысы тарылып, ауа жетпеген, өкпесі қысылған жандарды ажалдан арашалап қалдық. Бірінші толқын кезінде дәрі-дәрмек тапшылығы мен ИВЛ аппаратының жеткілікссіздігі сезілді. Бұл проблемаларға қарамастан медицина саласының мамандары абыройлы еңбек етті. Ендігі мақсат – осы жағдайдың қайталануын болдырмау. Жақындарымызды қауіпті кеселден қорғаудың амалдарына көшуіміз қажет. Ақпан айынан айынан бастап елімізде коронавирус індетіне қарсы екпе егу жұмыстары басталды. Қазір вакцинация шаралары толықтай қарқын алып келеді. Бұл дертті жеңудің жалғыз жолы – екпе салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру болып тұр. Сол кезде ғана біз бұрыңғы беймарал күнімізге  қайтып ораламыз. Әрбір азамат бұл науқанға жауапкершілікпен қарап, екпе алуға баруы тиіс,– деді.

Брифинг барысында №3 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Жанерке Жақсылық қала тұрғындарын коронавирусқа қарсы екпе салдыруға белсене атсалысуға шақырды. Екпе алғандар арасында кейбір адамдар арасында ерекше белгісіз өткізетіндері бар екенін еске салды.

– Адамдардың көпшілігі вакцинаны ешқандай ерекше белгісіз өткізеді. Ал, кей адамдарда инъекция орнында аздап ауырсыну, қызару немесе ісіну, әлсіздік болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұлшықеттер де аздап ыңғайсыздық болуы ықтимал. Кейде дененің қызуы көтерілуі, аздап қалтырау, жүрек айну және лимфа түйіндерінің шамалы ұлғаюы мүмкін. Мұның бәрі иммунитетті қалыптастырудағы қалыпты реакциялар. Қазіргі уақытта вакциналанған адам   төндірмейді Вакцинаның екінші компонентін салдырмаса, адамда иммунитет қалыптаспайды. Өйткені екеуінің құрамы екі түрлі. Сондықтан бір-бірінсіз адамның бойында иммунитет қалыптаспайды. Екінші компонентін міндетті түрде салдыру керек. Соңғы уақытта өңірдегі вирус деңгейінің күрделеніп, үнділік Дельта штамм белгілерінің таралуы себепті көпшілікті сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.  Қазір вирустың мутацияланған белгілері анықталуда. Індетті жеңу үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, тұрғындарды белсенді түрде екпе егу жұмыстарына шақырамыз,– деді бөлім меңгерушісі.

Облыстық денсаулық сақтау

 басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<