Жедел жәрдем: жүктеме азайды

589

0

Бүгінде жедел жәрдем қызме­тіне түсетін жүктеме де қалыпты деңгейде түсіп отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сүйенсек, шақырту саны індет өршіген маусым-шілде ай­ла­рымен салыстырғанда 56,8 про­центке төмендеген. Әсіресе, ты­ныс алу жолдарының аурулары 6 есеге азайған.

Эпидмаусым ке­зінде күнделікті 1000-нан ас­там шақырту тіркелсе, қазіргі уақытта 150-170 шақырту түсуде. Сондай-ақ, шақыртулар ішінде пневмонияға күмәнді жағдайлар 14,4 есеге азаюымен қатар, ауыр жағдайдағы науқастар тіркел­меу­де.


1-3 санат бойынша шақырту­лар жүктемесі бір топқа тәулігіне 14-15 болса, 4 санатты жедел жәрдем тобына 18-20 ғана шақыр­ту түсуде. Бұл өткен аймен салыс­тырғанда 2 есеге төмен.


Премьер-министр Асқар Мамин­нің төрағалығымен өткен мем­лекеттік комиссия отыры­сында Үкімет басшысы карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекітуді тап­сырған болатын. Осыған орай, мемлекеттік комиссия 17 тамыздан бастап карантин шара­ларын алып тастау жоспарын бекітті. Онда барлық өңірлерде жұ­мысын қайта бастайтын кә­сіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді.

Со­нымен келесі аптадан бастап сауда үйлері, сауда желілері, жабық базарлар, сұлулық салондары, спа орталықтары, шаштараз, бассейні жоқ фитнес орталықтары, бас­сейні жоқ моншалар мен сау­налар, балаларға арналған түзе­ту кабинеттері, балаларға және ересектерге білім беру орта­лық­тары, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары, тағы да басқа қызмет түрлері белгі­ленген талаппен жұмыс істейтін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<