Жедел жәрдемге жүгінушілер азайды

1037

0

Елде қатаң карантиндік шаралар қабылданғалы екі аптадан асты. Бүгінде мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, квазисекторлық ұйымдар, аурухана, емханалар күшейтілген тәртіпке сай жұмыс істеп жатыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты індетпен күрестің нақты бағыттары айқындалып, тиісті жұмыс атқарылуда.


Тапсырмаларды орындау, аймақ халқының қауіпсіздігі үшін бас санитарлық дәрі­гердің қаулысымен 5 шіл­деден бастап карантин ре­жимі енгізілді. Жағдайды қайта бағамдап, халық сұра­ны­сына сай қажетті шараларды күшейту үшін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар ауруханалар мен емханаларды аралап, туындаған мәселелерді жедел шешу жолдарын қарастыруға тапсырма берді.


Облыстық денсаулық сақ­тау басқармасының Facebook әлеуметтік желі­сін­дегі парақшасында басқарма басшысы Сәбит Пазылов бірқатар аурухана мен емхананы аралау барысында туындаған мәселелерге, қолға алынған ша­раларға тоқталды.

Айтуынша, жергілікті инфек­циялық стационарларда 645, про­ви­зорлық стационарлар­да 1790 төсек-орын бар. Яғни стацио­нарларда орын тап­шылығы жоқ. Қажет болған жағдайда жеке клиникалар орын босатып беруге дайын.


«Медициналық меке­ме­лерді аралау кезінде оттегі баллондарының жетіс­пеу­шілігі басты пробле­ма­лар­дың бірі ретінде аталды. Ауруханаларды осы қажеттілікпен жеткілікті көлемде үздіксіз қамту үшін барлық мүм­кіндікті пайдаланып жатырмыз», дейді басқарма басшысы. Қазіргі күні өңірде өк­пені жасанды түрде желдетуге арналған 64 аппарат бар. Министрлікке қосымша 63 аппаратқа тапсырыс беріл­ді. Маусым айын­да 20 пор­тативті жабдық алынған болатын.


Науқастардың өмірін сақтау жолында жаны жомарт азаматтар да аянып қалып жатқан жоқ. Демеу­шілер көмегімен 10 жасанды өкпе желдеткіші емдеу ұйымдарына жеткізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<