25 футболшы коронавирус жұқтырды: «Қайсар» басшылығы жаңа мәлімет таратты

172

0

«Қайсар» басшылығы команданың 25 ойыншысы коронавирус жұқтырды деген ақпаратқа қатысты жауап берді.

«1 шілдеде футболдан ел біріншілігі жалғасады. Сондықтан талапқа сәйкес «Қайсар» футбол клубы өткен сәрсенбіде тест тапсырған болатын. Тест нәтижесімен кейбір футболшылардан оң нәтиже анықталды. Бүгін команда екінші мәрте қайта сынамадан өтті. Тест нәтижесі барлығында да теріс нәтижені көрсетті. Футболшылардың денсаулығы қалыпты жағдайда. Ойыншылар алдағы кездесуге дайындығын жүргізуде», – деп мәлім етті «Қайсар» басшылығы.

Бұдан бұрын «Қайсар» футбол клубының бас жаттықтырушысы Стойчо Младенов команданың 25 ойыншысы коронавируске шалдыққанын айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетелік, 1 шілдеде ел біріншілігі жалғасады. Бұл турда «Қайсар» өз алаңында «Тараз» командасын қабылдайды. Сондай-ақ, аталған турда «Тобыл» мен «Каспий», «Қызылжар» мен «Оқжетпес», «Қайрат» пен «Жетісу», «Ордабасы» мен «Шахтер» командалары кездеседі.

Әділжан ҮМБЕТ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз